Студенттік Парламент Президенттінің Сайлауы

2019 ж. 21 маусым

     

 

       Мемлекттік рәміздер – әр елдің ажырамас бір бөлігі. Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі – ТУ. Ту мемлекетіміздің егемендігін, біртұтастығын бейнелейтін мәңгілік құндылығымыз.Республикалық акцияға Қазақстанның мемлекеттік Туын белсенді түрде насихаттайтын студент жастар да үн қосты. Жастар ресурстық орталығы, «Nur Otan» партиясы және Сәтбаев индустриальдық колледж студенттері «Менің туым – менің Отаным» тақырыбында туды құрметтеу бойынша акция өткізді.  Акцияның мақсаты – мемлекеттік Туды насихаттап, жастардың туған еліне деген отансүйгіштігін ояту.
      Акция барысында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Zhas Otan» жастар қанатының аймақтық төрағасы Бағчай Абай Арыстанбекұлы,  жастар ресурстық орталық директоры Рысмағанбетова Гүлдана Мырзабековна және колледж президенті Тұрсын Әлішер сөз сөйледі. Туымыз мәңгілік тұғырлы болғай! Мәңгі желбіре, Қасиетті жалауым!

Бізді қалай таба аласыз

8(71063)7-45-23
sptsh3@mail.ru
Сатпаев қ., Құсайынов көшесі 23А.
https://sik.mycollege.kz/