Бүгінгі таңда колледж әкімшілігі бітіруші топтардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау өткізу кестесін жасап, бекітілді (топта 15 студентке дейін толымдылықпен);
- 1,5 метрден кем емес қашықтықты сақтауды ескере отырып, аудиторияларда қорытынды аттестаттауды өткізу;
- қажетті медициналық жабдықтармен(термометрлермен, шпательдермен, маскалармен) және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ете отырып, күнделікті негізде температураны өлшеуді жүргізу. Білім алушыларға жұмысшы біліктілігін беруге арналған қорытынды аттестаттау өткізу үшін колледж басшысының бұйрығымен біліктілік комиссиясы өндірістік мекедегі инженерлік техникалық қызметкердерден құрылды.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.
Дәлелді себептермен қорытынды аттестаттауға келмеген білім алушы қорытынды аттестаттау комиссиясы төрағасының атына еркін нысанда өтініш жазады және себебін растайтын құжатты ұсынады. Оң шешім алған жағдайда, білім алушы қорытынды аттестаттау комиссиясы отырысының қорытынды аттестаттауды өткізу кестесінде көзделген басқа күні емтихан тапсырады және (немесе) дипломдық жобаны (жұмысты) қорғайды.
Комиссияның шешімі бойынша ағымдағы оқу жылында тиісті оқу пәні және (немесе) модуль бойынша емтихан тапсыруға/дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға мыналар:
1) қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз нәтиже алғандар;
2) дәлелді себеппен қорытынды аттестаттауға келмеген (денсаулық жағдайына немесе тиісті құжаттармен расталған өзге де объективті себептерге байланысты) білім алушылар қайта жіберіледі.
Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін денсаулық жағдайы туралы ұсынылған құжаттар қаралмайды.
Қорытынды емтихандарды тапсыру және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау нәтижелері өткізілген күні жарияланады.